1 наурызда Қазақстанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл мереке табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу ісіндегі күш-жігерді үйлестіруге және халықты ықтимал төтенше жағдайларға дайындауға бағытталған.
Осы мереке аясында ауданның білім беру ұйымдарында күндізгі сағат 9-дан 12-ге дейін дене шынықтыру мұғалімдері мен НВиТП ұйымдастырушыларының басшылығымен оқу әуе дабылы жарияланып, эвакуация жүргізілді. Іс-шараға 3000-нан астам оқушылар мен педагогтар қатысты.