Бүгінгі таңда біздің елімізде инклюзивті білім беру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл ерекше назар аударуды қажет етеді, өйткені туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар балалар саны жыл сайын артып келеді. Педагогикалық қызмет барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу бойынша көптеген қиындықтар мен сұрақтар туындайды.
Осыған байланысты М.Жұмабаев ауданында Чистов ОМ базасында «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың жаңа мазмұнындағы инклюзивті білім беру» облыстық семинар-практикумы өтті. Іс-шараның басты мақсаты педагогтарды ЕБҚ бар балалармен психологиялық ағарту, мұғалімнің балаларға деген эмоционалды қатынасын түзету болды.
Іс-шараға Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Г.Х. Қазбекова, М. Жұмабаев, Шал ақын, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Мамлют аудандарының педагог-психологтары, МДС тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтары, педагог-логопедтері, директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Барлығы - 99 адам.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс кезеңдері мен элементтері қаралды.