2024 жылғы 14 қарашада «№2 Булаев орта мектебі» КММ базасында «Психологиялық қызмет мамандарының кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары» тақырыбында ауданның білім беру ұйымдарының әлеуметтік-психологиялық қызметтерінің қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Семинардың басты мақсаты - білім беру мекемелері мамандарының кәмелетке толмағандарды алдын алу және мектепішілік есепке алу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар модераторы - Б.Д.Нургалиева (білім бөлімінің әдіскері), алмасу және жұмыс тәжірибесін көрсету бойынша спикерлер ретінде: М.А.Лобанчук («Батыр Баян ат. мектеп-гимназиясы» КММ әлеуметтік педагогы), Т.А.Литвиненко («М. Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК психологы), білім беру ұйымдарының психологтары: Б.Ж.Ботабекова («Сартомар ОМ» КММ), И.В.Горбашова («Қарақоға ОМ» КММ), Э.А.Мухамеджанова («Қарақоға ОМ» КММ), Р.С. Каирова («Ұзынкөл ОМ» КММ), Е.Н. Данина («Таман МББ кешені» КММ).
Семинар барысында баяндамалар тыңдалды, «Біз өмірді таңдаймыз», психо-эмоционалдық шиеленісті жеңілдету бойынша тренинг өткізілді. Сондай-ақ, педагогтар аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу кезінде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмімен танысты.
Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.